Қарағанды облысындағы дала өрті сөндірілді
Қарағанды облысыдағы дала өртінің барлық ошағы жойылды. Үлкен алаңдардағы 5 табиғи өрт ошағы бақылауда қалып отыр. Оның 4-і Ұлытау ауданында болса, біреуі Ақтоғай ауданының Ортадересі маңында, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ТЖД.
3 шілде сағат 22:45-тен бастап Ұлытау ауданының 2 ауылдық округ аумағында (Жангелді және Ақтасты) 28000 га алаңда құрғақ шөп жана бастаған. Өрт 7 шілде сағат 18:10-де сөндірілген.
4 шілдеде Ұлытау ауданы, Шеңбер а/о, Қорғасын с. солтүстігіне қарай 20 км жерде тағы да құрғақ шөп отқа оранған. Оның аумағы 4700 гектарды құраған. Өрт сағат 7 шілде сағат 17:20-да ауыздықталды.
Ал үшінші өрт Ұлытау ауданы, Шеңбер а/о, Қорғасын ауылының солтүстік-шығысына қарай 50 км жерде 4 шілде сағат 23:00-де басталған. 3500 га болатын құрғақ шөп жанып кетті. 7 шілде кешке қарай өрт сөндірілген.
Ал 6 шілдеде осы ауданның Сарлық селосының батысына қарай тағы өрт шығып, 3600 гектар жердегі құрғақ шөп өртенді. Өрт 8 шілде сағат 07:20-да ауыздықталды.
Дала өрті Ақтоғай ауданы, Ортадересі ауылынан 70 км жеде қайта тұтанып, 250 га аумақты қамтыған.