Инвестициялар

6 айда 277 мың үй сатылған

Бір айда жасалған келісім-шарттардың саны 54 мыңнан асады

2021 жылдың қаңтар-маусым аралығынде Қазақстан бойынша 277348 үйді сату-сатып алу келісім-шарты жасалған. Ал маусым айында 54 мыңнан аса баспана сатылған. Оның 15,7 мыңан астамы – жер үйлер болса, 38,2 мыңы көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлер. 

Ұлттық статистика бюросының мәлімет бойынша,  бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 11,8 пайызға артық. Ал биылғы жарты жылда жасалған келісімдердің саны өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп. 

Аймақтар бойынша, алсақ, Солтүстік Қазақстан облысында ең көп үй сатылған, ал Маңғыстау облысында сатылған үйлердің саны азайып кеткен.