Қаржы пирамидасының белгілері қандай?

Жарияланды
Олар тым жоғары пайыз бен үлкен кіріс уәде етеді

Жоғары табыс пен тез пайда табуды ұсынып, сіз естіп-білмеген жаңа инвестициялық құралды жарнамалайтын компаниялар нарықта көп. Жеңіл ақша табамын деп жүріп, жалған қаржы ұйымына жолығып, қаржы пирамидасының құрбанына айналмас үшін, қаржылық сауатты арттыру керек. Осы орайда Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидаларының негізгі 10 белгісін ұсынады. 

Қаржы пирамидасының негізгі белгілері:

1. Қаражаттың елеулі сомасын салу қажет етуі.

2. Ірі пайыз бен салынған ақшаны тез қайтаруды уәде ету.

3. Төлемді алу үшін таныстарыңызды тарту керек.

4. Жоба «ноу-хау» ретінде ұсынылады.

5. Компания қаражат жинау қарсаңында ғана тіркелген, оның жарғылық капиталы ең төмен және жалғыз құрылтайшысы бар.  Компания тіркелген-тіркелмегенін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында «Салық төлеушілерді іздеу» сервисі арқылы тексеруге болады.

6. Әлеуметтік желілердегі белсенді және жабысқақ жарнама, түрлі презентация, түрлі ұтыс ойындары, сыйлықт, жолдама ойнату, парақшаларды жаппай тарату, пошта және e-mail арқылы тарату.

7. Шартты мұқият зерделеу кезінде, егер бір нәрсе дұрыс болмай қалса, ешкімге жауапкершілік жүктелмейтіні түсінікті.

8.  Бұндай компаниялар микроқаржы ұйымы», «несие бюросы», «қарызға қарсы бағдарлама», «қаржылық қызметтер орталығы» атауын жамылады.«Сізге қарыз беруден банк бас тартты ба? Біз көмектесеміз!», «Берешектен құтылуға көмектесеміз!», «Ақшаңызды көбейтіңіз», «Тәуекелсіз пассивті кіріс» деген ұрандары бірге жүреді. 

9. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясын алмаған. 

10. Қолма-қол ақша қабылдайды немесе компанияның банктердегі арнайы есеп айырысу шоттарын қолданбай, интернет-төлемдер мен аударымдардың әртүрлі жүйелерін пайдаланады.

Мысалы, жақында ғана анықталған «Finiko» компаниясы жоғары пайыз ұсынады (2-тармақ), бірақ бастапқы соманы салу қажет (1-тармақ), пайдаланушыға CFR криптовалюталарын және өзге инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынады (4-тармақ), ҚНРДА лицензиясы жоқ (9-тармақ), өздерін «пайда табудың автоматтандырылған жүйесі» ретінде жарнамалайды (6 және 8-тармақ), ақшаны тек қолма-қол нысанда қабылдайды немесе Qiwi-әмияндар, Яндекс-ақша, Easy Pay, PayPal және басқалары (10-тармақ) сияқты интернет-төлемдер мен аударымдарды қолданады.

Осылайша, 10 белгінің 7-і қаржы пирамидасы қызметіне сәйкес келеді.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 150-бабы және ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен қаржы пирамидаларын жарнамалау және олардың қызметін жүзеге асыру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыз