Пандемиямен күреске бөлінген қаржыны жымқырғандардың үстінен 104 іс қозғалған

Жарияланды
Сыбайлас жемқорлық мен ұрлық тыйылар емес

Коронавирус пандемиясымен күреске бөлінген қаржының бір бөлігі талан-таражға түсіп кеткен. Қазіргі кезде осы қаржыны жұмсау кезінде сыбайлас жеткорлыққа жол бергендердің үстінен 104 іс қозғалған. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында Антикор басшысы Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Ол медициналық жабдықты сатып алу кезінде қаржыны дұрыс жұмсамау мен  ұрлау әлі де жалғасып жатқанын атап өтті. 

«Мысалы, Шымкентте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мырзақұлов аффилирленген компаниялар арқылы медициналық техниканы жоғары бағамен сатып алу фактісі бойынша сотталды. Шығын 1,5 млрд. теңгені құрады. Осыған ұқсас фактілер үшін Маңғыстау облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жаманбаева сотталды» деді М. Ахметжанов.

Сондай-ақ, ол медицина қызметкерлеріне үстемеақыны мақсатты бөлуді бақылау туралы айтты. Мұнда тәуекел тобына жатпайтын адамдарға үстемеақы есептеу, жұмыс істеген сағаттарды тіркеу және қарапайым дәрігерлерден басшылардың алымдары фактілері анықталады. Атап айтқанда, Алматы облысында аудандық Еңбекшіқазақ ауруханасының бас дәрігері және оның екі орынбасары үстеме ақы белгілеу үшін қол астындағылардан жүйелі пара алу схемасын ұйымдастырған. 
 

Сондай-ақ оқыңыз