2020 жылы түрлі қаржы көзі есебінен (80%-ы — жеке инвестиция) 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынған Мемлекет басшысының елордадағы қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысы көлемін 3 есе арттыру жөніндегі тапсырмасы орындалды. 2018 жылы 1 100 әлеуметтік пәтер пайдалануға берілсе, 2019 жылы – 2 900, 2020 жылы 7 мыңнан астам қала тұрғыны жаңа тұрғын үйдің кілтін алды. Ал 2021 жылы 10 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта бас қалада 48 мыңнан астам тұрғын үй кезегінде адам тұр.
2019 жылдан бастап бағдарламаның шарттары өзгертілді. Қазір кезекте тұрғандар сатып алу құқығынсыз баспана ала алады. Алайда шартты мерзімсіз ұзарту құқығына ие болады.
Әлеуметтік тұрғын үйге азаматтардың 11 санаты үміткер бола алады. Бұдан басқа, көпбалалы, толық емес отбасылар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша несиелендіру аясында әкімдіктен бастапқы жарнаны өтеу үшін 1,5 млн теңгеге сертификат ала алады.