Жаңалықтар

Қазақстандық өндірушілер Ozon-да сауда-саттық жасай алады

Бұл маркетплейстің пайдалланушылары 80 миллионнан асады

Қазақстандық өндірушілер ресейлік Ozon-ға шығып, сауда-саттық жасай алады. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook әлеуметтік желісінде жазды. 

Министр Ресейлік e-commerce алпауытында 16 миллион  клиенттік база мен 80 миллионнан астам  пайдаланушы бар екенін айтып өтті. Маркетплейсте киім мен тағамнан бастап балалар өнімдері мен косметикаға дейінгі 20 түрлі санаттағы тауар орналастырылған.

«Бұл, менің ойымша, қазақстандық кәсіпкерлер үшін үлкен әлеует.Енді кез келген қазақстандық өндіруші осы әмбебап алаңда өз тауарын ұсына алады. Алайда, біздің тауарлар-аяқ киім, зергерлік бұйымдар және ауылшаруашылық өнімдері – бұрын Ozon-да ұсынылған. Бірақ Wildberries сияқты, сайтқа кіру үшін біздің компаниялар Ресей Федерациясының аумағында филиалдар ашуға мәжбүр болды. Бұл бизнес үшін өте ыңғайсыз және қымбат» деп жазды министр. 

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Ллогистиканы жетілдіру жергілікті бизнестің Ozon-ға шығуына ықпал етті: мамырдан бастап біздің кәсіпкерлер Ресейге тауарларды тікелей клиентке өздері немесе үшінші тарап тасымалдаушыларының көмегімен жеткізе алады. Жақын арада Ozon сондай-ақ қазақстандық бизнестің тауарларын Ресейге тасымалдайтын серіктес-логистердің тізімін ұсынады. Сондай-ақ, қазір біздің тауарларды кейіннен Ресей мен басқа өңірлерге жеткізу үшін қоймалау мүмкіндігі пысықталып жатыр. 

Сонымен қатар Сұлтанов Ozon сауда жасау қадамдарын түсіндіріп өтті: 

1. Сайтта сатушы ретінде тіркеліңіз seller.ozon.ru. 
2. Компанияның жарғылық құжаттарын тіркеңіз және тексеруді күтіңіз. 
3. Нарықтағы ұсынысты қабылдаңыз;
4. Өнім карталарын жасаңыз. Мазмұнның сапасына назар аударыңыз, өздеріңіз білетіндей, адамдар Интернеттен заттарды көздерімен ұнатып, сатып алады.
5. Қойманың қай жерде орналасқанын, тауарларды қайдан жеткізетіндігіңізді көрсетіңіз. 
6. Ozon-нан алғашқы тапсырысыңызды күтіңіз.
Ozon туралы толық ақпаратты global.ozon.ru сайтынан алуға болады.