Биыл маусым айында инфляция 1,1%-ды құрап, жылдық деңгейі 7,9%-ға дейін жетті. Бұл – 2017 жылдан бергі ең жоғары айлық өсім. Ұлттық банктің инфляциялық үрдістер жайлы материалында инфляция құрылымындағы барлық компонент үдеуі байқалатыны, соның ішінде азық-түлік қатты қымбаттағаны жазылған.
Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсу қарқыны 2021 жылғы мамырдағы 9,3%- дан 2021 жылғы маусымдағы 10,6%-ға дейін жеделдеді.
Көкөністердің (7,9%-дан 30,6%-ға дейін), атап айтқанда, ұзақ сақталатын көкөніс (картоп, сәбіз, қызылша) бағасының күрт өсуі инфляцияның артуына негізгі үлесін қосты. Бұл тауарлар бағасының айлық қарқыны соңғы жылдардағы рекордтық мәнді көрсеткен.
Сонымен қатар, өндірушілердің бағаны өсіруі және әлемдік азық-түлік нарығындағы бағаның қарқынды қымбаттауы салдарынан өсімдік майы мен қанттың қымбаттауы жалғасты.
Азық-түлік емес жылдық инфляция маусым айында 6,9%-ға дейін (жеделдеді. Оның негізгі факторы – бензин, сондай-ақ ұзақ мерзімді тауарлардың (киім, автокөобильдер, жиһаз және тұрмыстық техника) қымбаттауы болды. Бензин қымбаттауы өндірушілер бағасыныңқымбаттауы нәтижесінде жалғасты. Сұраныстың біртіндеп қалпына келуі және импорттың біршама қымбаттауы аясында киім мен аяқ киім бағасы қатты қымбаттаған.
Әуе көлігі бағасының өсуі көлік қызметі құнының да өскенін байқатады. (26,2%, ж/ж). Сондай-ақ сұранысты қалпына келтіру аясында туристік қызметтердің (демалыс үйлері, шетелге сапарлар), және тұрғын үйді жөндеу қызметтері қымбаттаған. Мектепке дейінгі білім беру және ұялы байланыс саласында баға біршама өскен.