Қарағанды облысында бір жарым жылда 50 жұмысшы қаза тапқан
Жарияланды
Жалпы 230 өндірістік жарақат алу фактісі тіркелген
Қарағанды облысында 2020 жыл басынан бері өндірістік жарақаттан 50 адам қайтыс болған.
Аймақ прокуратурасының хабарлауынша, облыстағы кәсіпорындарда 230 өндірістік жарақат алу жайты тіркелген.
Хабарламада аймақтың өнеркәсіптік екені атап өтілген. Мұнда халықтың көп бөлігі еңбек ететін әртүрлі бағыттағы көптеген кәсіпорындар шоғырланған. Сондықтан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жұмыс берушілер мен бақылау органдарының басты міндеті.
Осы мақсатта жарақаттану деңгейі жоғары аймақтарда арнайы жедел-тергеу топтарын құру жоспарланып отыр.