Әуе компанияларының табысы 52 пайызға артты

Жарияланды
Дегенмен пандемияға дейінгі деңгейге жеткен жоқ

Қазақстан азаматтық авиациясының қызметі  2021 жылдың бірінші жартыжылдығында оң динамика көрсетті. Тасымалданған жолаушылар саны да, көрсетілген қызметтен түсетін кіріс те айтарлықтай өскен.

ҚР Ұлттық статистика бюросы жариялаған ақпаратқа сәйкес, биыл қаңтар-маусым айларында Қазақстанның әуе компаниялары 150,8 млрд теңге тапқан. 2020 жылдың бірінші жартысында ТЖ жарияланған кезеңмен салыстырғанда ,51 млрд теңгеге немесе 52%-ға артық. Қаражаттың басым  бөлігі (94%) билет  сатудан және тек 6%-ы жүк тасымалынан түседі.

Биыл әуе тасымалдаушыларының табысы артқанымен, пандемияға дейінгі деңгейге жеткен жоқ. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында компаниялар 166,2 млрд теңге табыс тапқан, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымдағы кіріспен салыстырғанда, 10%-ға артық.

Тасымалданған жолаушылар санына қатысты бірінші жартыжылдық көрсеткіштері 2020 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда екі есе жоғары (4,2 млн адам).

Бұған дейін Kursiv.kz қазақстандық авиакомпаниялардың 2020 жылғы қызметінің нәтижелерін жариялаған еді  Былтыр 5,5 миллион адам тасымалданды, бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 39 пайызға аз. Авиация – пандемиядан қатты зардап шеккен салалардың бірі. 

Биыл мамыр айының ортасында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мақұлдауымен Қазақстаннан тұрақты халықаралық авиарейстердің санын арттыру  туралы шешім қабылданған. Ұшақтар БАӘ, Черногория, Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерландыға жиі ұша бастады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз