Түркістаннан 11 қалаға ұшақ ұшатын болды

Жарияланды
Билет бағасы 16 мың теңгеден басталады

Ішкі туризмді дамыту мақсатында Түркістаннан еліміздің 11 қаласына жаңа әуе рейстері ашылады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, тұрақты рейстерге билет бағасы 16-25 мың теңге аралығында болмақ. 

«Қазақстанда ішкі туризмді дамыту, сондай-ақ ұшу географиясын кеңейту және Түркістан қаласы әуежайының көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған қалаларына субсидияланатын әуе бағыттарына конкурс өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша тұрақты рейстерді SCAT және Qazaq Air әуе компаниялары «CRJ2», «B-737», «Q400» ұшақтарымен қатынайды» делінген ресми ақпаратта. 
 

Сондай-ақ оқыңыз