Жаңалықтар

Алматыда 1,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады

Жыл соңына дейін 7 жоба іске қосылмақ

2021 жылы Алматы қаласының өнеркәсіп орындарында 1471 жұмыс орнын ашу жоспарланып жатыр.

I жартыжылдықта Алматы индустриялық аймағының аумағында 245 жұмыс орнының ашылып, 13,8 млрд. теңгеге 3 жоба іске қосылған. 

Жыл соңына дейін индустриялық аймақта 658 жұмыс орнын ашатын, жалпы сомасы 37,8 млрд.теңгеге тағы 7 жоба іске қосылмақ. Сол жерде 3 өнеркәсіптік парк («D&J Logistiсs» ЖШС, «Ala Estate» ЖШС, «Kazstory Trade» ЖШС) пайдалануға беріледі.

ШОБ субъектілеріне  24,2 мың ш.м. өндірістік нысан пайдалануға беріледі, ол 430 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл  Алматыда 138 жұмыс орнын ашылып,  жалпы құны 1 628 млн теңге болатын  4 жоба жүзе асырылады.