2021 жылдың 24 тамыз – 5 қыркүйек аралығында Токио қаласында өтетін XVI жазғы Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан 25 параспортшы 7 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын қорғайды.
Ұлттық Паралимпиада Комитеті таратқан мәлімет бойынша, біздің спортшылар Токио-2020 Паралимпиада ойындарына жүзуден 7 жолдама, дзюдодан 6 жолдама, пауэрлифтингтен 5 жолдама, таеквондодан 3 жолдама және жеңіл атлетикадан 2 жолдама ұтып алған. Оған қоса, пара каноэдан және пара нысана көздеп ату спорт түрлері бойынша алғаш рет жолдама алған.
Қазақстанның туын пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы Нұрлан Домбаев пен XV жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Қойшыбаева Раушан көтеріп шығады.
Токио 2020 – бұл Қазақстан Республикасының параспортшылары қатысып отырған алтыншы Жазғы Паралимпиада ойындары. 1996 жылдан бері Қазақстан атынан Паралимпиада ойындарына алғаш рет жиырмадан артық спортшылар жолдама алып отыр.
Токио – 2020 Паралимпиада ойындарына Қазақстан Республикасының құрама командасы:
Жүзу:
1. Жұмағали Нұрдаулет
2. Советқанов Нұрали
3. Далиев Сиязбек
4. Салимгереев Ержан
5. Габидулина Зульфия
6. Агалаков Роман
7. Рахимбекова Алия
Жеңіл атлетика:
1. Мұқашбеков Дастан
2. Абылқасымқызы Салтанат
Дзюдо:
1. Аманжол Жанбота
2. Байбатина Зарина
3. Даулет Темиржан
4. Федосова Даяна
5. Сариев Ануар
6. Смагулұлы Ғалымжан
Каноэ:
1. Спатай Бейбарыс
Таеквондо:
1. Домбаев Нурлан
2. Омирали Нышан
3. Досмолова Камила
Пауэрлифтинг:
1. Дегтярев Давид
2. Қойшыбаева Раушан
3. Хамаев Рахмеджан
4. Абдыхалыкова Гульбану
5. Солодухина Алина
6. Жумабаева Айсулу
Нысана көздеп ату
1. Жумабаева Айсулу