Өткен тәулікте 5 708 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Пандемия басталғалы 509 998 адам короновируспен ауырған.
Қазіргі кезде 67 475 адам емделіп жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары –«қызыл» аймақта.
«Сары» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.