Жаңалықтар

Грантқа құжат тапсыру мерзімі бір күнге ұзартылды

Бүгін құжат қабылдайтын соңғы күн

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 25 шілдеде аяқталады деп жоспарлаған болатын. Алайда талапкерлерден құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы өтініштер келіп түсті. Өйткені құжат тапсырудың соңғы күні жексенбіге келеді. Осыған байланысты, ҚР БМҒ құжаттарды қабылдауды тағы бір күнге – 26 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Құжаттар жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы қабылданып жатыр. 

Талапкерлердің денсаулығын қорғау мақсатында еліміздің барлық жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.