«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында грант алғандар анықталды

Жарияланды
Шағын бизнес өкілдерінен 355 өтініш келіп түскен

Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында жаңа-бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстың аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 28 маусым мен 12 шілде аралығында жүргізілді. Осы кезеңде шағын бизнес субъектілерінен 335 өтінім келіп түсті, оның ішінде ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысымен бекітілген гранттар беру қағидаларына сәйкес келуіне байланысты 177 өтінім қорғау кезеңіне жіберілді.

Конкурстық комиссияның жобаларды бағалауы нәтижесінде 68 жоба мемлекеттік грант алу үшін қажетті балл жинады. Оның ішінде 23 кәсіпкер халықтың әлеуметтік осал топтарына және 22 кәсіпкер жастар қатарына жатады.
 

Сондай-ақ оқыңыз