Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігі linkedin.com интернет-ресурсының бұғатталуына байланысты туындаған жағдай бойынша «Linkedin» компаниясының ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды министрлік.
««Linkedin» сайтының әкімшілігі өз сайттарында жарияланған материалдарда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерінің анықталғандығы туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жолдаған хабарламаны қарастырып, Қазақстан тарапының талаптарын негізді деп танып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастады» делінген министрлік таратқан мәліметте.
Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn әлеуметтік желісін интернет-казино жарнамасы мен жалған аккаунттардың шығуына байланысты жауып тастаған еді.