Тамыз айында төртінші толқын «соғады»

Жарияланды
Бекшин тағы болжам жасады

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың төртінші толқыны тамыздың ортасында  келеді деп мәлімдеді. 

 
 «Соңғы аптада коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал  ушығуда. Өткен аптаны алдыңғымен салыстырғанда КВИ -ме ауырғандар  1,4 есеге – 5 790-нан 8 393-ға дейін өсті, тәуліктік өсім 1,5%-ды құрады. Осы айда Алматыда 20 818 науқас анықталды, ал жыл басынан бері 76 603 науқас тіркелді» деді мегаполистің бас санитарлық дәрігері.

Ж.Бекшиннің айтуынша, шілдедегі эпидемиологиялық жағдай қыркүйекте тұрақтануы мүмкін. 

 «Алматыда COVID-19 кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасында шарықтау шегіне жетіп,  қыркүйек айының басында төмендейді деген болжам бар.  Тамыз айында 34,5 мың науқас тіркелсе , қыркүйекте 4,5 мың адам вирус жұқтыруы мүмкін» деді Ж. Бекшин.

Сондай-ақ оқыңыз