Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың төртінші толқыны тамыздың ортасында келеді деп мәлімдеді.
«Соңғы аптада коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал ушығуда. Өткен аптаны алдыңғымен салыстырғанда КВИ -ме ауырғандар 1,4 есеге – 5 790-нан 8 393-ға дейін өсті, тәуліктік өсім 1,5%-ды құрады. Осы айда Алматыда 20 818 науқас анықталды, ал жыл басынан бері 76 603 науқас тіркелді» деді мегаполистің бас санитарлық дәрігері.
Ж.Бекшиннің айтуынша, шілдедегі эпидемиологиялық жағдай қыркүйекте тұрақтануы мүмкін.
«Алматыда COVID-19 кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасында шарықтау шегіне жетіп, қыркүйек айының басында төмендейді деген болжам бар. Тамыз айында 34,5 мың науқас тіркелсе , қыркүйекте 4,5 мың адам вирус жұқтыруы мүмкін» деді Ж. Бекшин.