Қалмұханбет Қасымов қызметінен кетті

Жарияланды
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелген

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі. 

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді» делінген ресми хабарламада.

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді.
 

Сондай-ақ оқыңыз