Қаржы министрлігі 139,2 млрд теңгеге ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырды

Жарияланды 30 Шілде 2021 05:45

2021 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 139,2 млрд теңгеге ұзақ мерзімді (МЕУКАМ) мемлекеттік бағалы қағаз орналастырған. 

 Ұлттық банк мәліметі бойынша, маусымда барлығы 11 облигация шығарылып, онда 2 жылдан 14 жылға дейін өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырылды. Олардың орташа кірістілігі  жылдық 9,60%-дан 10,70% дейін. 

Қаржы министрлігінің айналымдағы бағалы қағаздарының көлемі 2021 жылғы маусымда 1,1%-ға артып, 9 994,9 млрд теңгеге жеткен. 

Маусымның соңында кірістілік қисығы  4 жылға дейінгі сегментте кірістіліктің төмендегенін көрсетті, бұл ретте 4 жылдан асатын сегментте 2021 жылғы мамырдың соңындағы деңгеймен салыстырғанда кірістіліктің артуы байқалады.
 

Сондай-ақ оқыңыз