Резиденттер депозитінің көлемі бір айда 2,1%-ға артып, 2021 жылғы маусымның соңында 25 134,6 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 12 936,8 млрд теңгеге дейін – 2,0%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 12 197,8 млрд теңгеге дейін – 3,3%-ға өсті, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 15 843,3 млрд теңгеге дейін – 2,5%-ға, шетел валютасындағы депозиттер 9 291,3 млрд теңгеге дейін –3,0%-ға арттыр . Долларландыру деңгейі 2021 жылғы маусымның соңында 37,0% (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы маусымда 7 874,9 млрд теңгеге дейін – 1,4%-ға, шетел валютасындағы депозиттер 5 061,9 млрд теңгеге дейін – 3,1%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінен 39,1%) өскен.