Чилиде індеттің таралуының төмендеуі тіркелді. Денсаулық сақтау министрі Энрике Паристің айтуынша, бұл пандемия басталғалы ең төмен көрсеткіш. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Қабылданған шектеулер мен вакцинацияның арқасында қазір Чили COVID-19 таралуы мен ауруханаға жатқызудың ең төменгі деңгейіне қол жеткізді. Жалпы алғанда, елде 1 615 771 ауру жағдайы тіркеліп, 35 448 адам көз жұмды.
Францияның Кариб теңізіндегі Мартиника аралында COVID-19 таралуының көбеюіне байланысты локудаун жарияланды. Жергілікті ауруханалар толып, науқастар Парижге жіберіле бастады.
Инфекция санының күрт өсуіне байланысты Үнді Мұхитындағы тағы бір француз аралы – Реюньонда да жағдай ушығып, шектеу шаралары күшейді. Мұның басты себебі, бұл өңірлерде вакцинация деңгейі ел бойынша ең төменгі деңгейде