Қытайдың Сычуань провинциясындағы Паньчжихуа округінде әр екінші мен үшінші балаға 3 жасқа дейінгі жәрдемақы төленетін болды. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.
Жәрдемақы ай сайын 500 юань көлемінде төленеді.
Билік жуырда өткен халық санағынан кейін осындай шешім қабылдады. Санақ нәтижесі бойынша, аймақта бала туу көрсеткіші төмендегені анықталған.
Жаңа заң әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Тұрғындардың айтуынша бұл ақша тым аз.
«Отбасын қолдау саясаты түрлі аспектілерді қамтиды. Мәселен босану кезі, бала күтімі мен оның білім алуына да көмек қарастырылған. Біз әр отбасына бала күтімінде қолдау көрсеткіміз келеді»,- деді Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет департаментінің басшысы Ян Вэньчжуан.
Жергілікті билік алдағы уақытта да үкімет тарапынан көмек көрсетілетінін айтып отыр.