Ресейдің туристік аймақтары КВИ-ге қарсы қатаң ережелер енгізуде

Жарияланды
Үндістанда індетке шалдыққандар саны 32 миллионға жуықтады

Үндістанда коронавирустық инфекцияға шалдыққандар 32 миллионға жуықтады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

 Елдегі COVID-19 инфекциясын жұқтырған тұрғындар саны 31 655 824-ке жетті. Бір тәулікте коронавирустың жаңа түрінің 41 831 жағдайы расталды. 541 науқас инфекциядан қайтыс болды. Осы уақытқа дейін COVID-19 эпидемиясы 424 351 адамның өмірін қиды.

Ресейде пандемия басталғаннан бері инфекцияның 6 288 677 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 22 804 жағдай анықталып, 789 адам қайтыс болды. Сарапшылар анықталған инфекция жұқтыру жағдайларының саны төмендеп келе жатқанын, бірақ өлім-жітім көрсеткіші әлі де жоғары деңгейде екенін айтады.  

Ресейдің туристік аймақтары КВИ-ге қарсы қатаң ережелер енгізуде. Кубандағы қонақ үйлер тек вакцинацияланған немесе жуық арада COVID-19 вирусымен ауырып, жазылған туристерді ғана қабылдайды. Сондай-ақ, қонақ үйге алдағы үш күнде вакцинациядан өтуге ерікті түрде келісім берген саяхатшылардың қоныстануына да рұқсат беріледі.
 

Сондай-ақ оқыңыз