Оңтүстік Кореяда вакцина алғандар саны 20 миллионға жетті
Оңтүстік Корея ұжымдық иммунитет қалыптастыруға барынша тырысып бағуда. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Жақында COVID-19-ға қарсы толық немесе ішінара вакцинациядан өткен ел тұрғындарының саны 20 миллион адамға жетеді, – деді Мемлекет басшысы Мун Чжэ Ин. Президент вакцинация ауыр асқынулардың пайда болу қаупін және сәйкесінше өлім деңгейін төмендету үшін қажет екенін атап өтті. Жаппай иммундау жоспарына сәйкес қыркүйек айының соңына қарай 36 миллионға жуық азамат COVID-19 вакцинасының кем дегенде бір дозасын алады, бұл ел халқының 70% құрайды.
Вакцинаның кезекті жеткізілімі күтіліп, пандемияның төртінші толқынына дайындық жүргізілуде. Канада федералды үкіметі осы аптада Pfizer-BioNTech COVID-19 вакцинасының 2,3 миллионнан астам дозасын алады деп жоспарлауда. Осы уақытта денсаулық сақтау қызметкерлері коронавирустың таралуының төртінші толқынына әзірлік жұмыстарын бастады. Канаданың Бас санитариялық дәрігері Тереза Тэмның вакцинация деңгейі ең жоғары шекті көрсеткішке жеткенге дейін карантиндік шектеулер алынып тасталса, ел пандемияның төртінші толқынына тап болуы мүмкін деген ескертуінен кейін COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның жаңа жеткізілімдеріне тапсырыстар берілді.