Сауд Арабия үкіметі шетелдіктерге шекарадан өту ережелерін өзгертті

Жарияланды
Сауд Арабиясына толық вакцинациядан өткен туристік виза иелері карантинсіз кіре алады

Вакцинацияланған адамдарда COVID-19 ауруын жұқтыру қаупі бірнеше есе аз.Санкт-Петербургте вакцинацияланғандар арасындағы індет жұқтыру үлесі 1,7% құрайды. Бұл туралы  ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Мұндай мәліметтерді қалалық парламент депутаты Борис Вишневский келтірді. Шілде айының соңында 860 мың адам вакцинацияның толық курсын өтті. Екінші екпеден кейін ауырғандар – 14,6 мың адам, яғни 1,7 %. Ең бастысы, вакцинацияланғандардың ауыр сырқаттан қаза табу дерегі тіркелмеген.

Әлемдік қажылық елі шетелдіктерге шекарадан өту ережелерін өзгертті. Коронавирусқа қарсы толық вакцинациядан өткен туристік виза иелері Сауд Арабиясына карантинсіз кіре алады. Ел аумағына келесідей вакциналардың бірімен егілген саяхатшылар кіргізіледі: Astra Zeneca, Pfizer, Moderna және Johnson and Johnson. Сонымен қатар, Sinopharm немесе Sinovac вакцинациясын алған туристерге де шекарадан өтуге рұқсат етіледі. Соңғы аталған вакцина түрлерін алған саяхатшылар, ел билігі бекіткен төрт вакцинаның біреуін таңдап, қосымша доза алуы тиіс.
 

Сондай-ақ оқыңыз