Уханьда қала тұрғындарын коронавирус инфекциясына жаппай тексеру басталады

Жарияланды
Қалада індетті жұқтырудың бірнеше дерегі анықталғаннан кейін

Уханьда коронавирус инфекциясын жұқтырудың бірнеше дерегі анықталғаннан кейін қала тұрғындарын коронавирус инфекциясына жаппай тексеру басталады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

COVID-19 вирусын анықтауға арналған тестілеуден 12 миллионнан астам тұрғын өтеді. 2020 жылы коронавирусқа қарсы қатаң шаралардың арқасында Пекин инфекцияның одан әрі таралуын тез арада тоқтатқан болатын. Алайда, қазір пандемияның жаңа кезеңі Қытайға қауіп төндірді: шілде айының ортасынан бастап елде инфекцияның 400-ден астам жағдайы анықталды.

Вьетнамда тұрғындар арасында коронавирустың таралуы әлі де жалғасуда. Мұнда тәулігіне 8 429 COVID-19 инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелді. Оның ішінде – 8 377 жергілікті сипатта, 52 шетелден тасымалданған. Жергілікті сипаттағы жаңа жағдайларының ішінде 4 171-і Хошимин қаласында анықталды, бұл елдегі КВИ таралуының эпицентрі. Қазіргі уақытта Вьетнамда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 170 190 адамды құрайды, олардың 2071-і қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта COVID-19-ға қарсы вакцинаның 7 миллионға жуық дозасы қолданылғанын атап өтті.
 

Сондай-ақ оқыңыз