2020 жылы Қазақстанда 201 индустриялық жоба іске асырылды
Индустрияландыру картасы және Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталары шеңберінде 2020 жылы Қазақстанда 916,8 млрд теңге сомасына 201 жоба іске асырылды, 18,6 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Жалпы, 2020 жылдың қорытындылары бойынша 2010-2020 жылдары енгізілген индустрияландыру картасы мен өңірлердің кәсіпкерлікті қолдау карталарының жобаларымен өңдеу өнеркәсібінде шамамен 4,8 трлн теңге немесе 37% сомаға өнім өндірілді, оның ішінде салалық бөліністе:
• металлургия-2,4 трлн теңге немесе 43%;
• машина жасау – 758,3 млрд теңге немесе 42%;
• құрылыс индустриясы-159 млрд теңге немесе 24%;
• химия-281,8 млрд теңге немесе 60%;
• фармацевтика-101,9 млрд теңге немесе 74%;
• жеңіл өнеркәсіп – 46,6 млрд теңгеге немесе 36% өнім өндірді.