БЖЗҚ салымшылары сақтандыру компаниясымен келісімшарт жасай алады

Жарияланды
Жинақталған қаражатты (бір бөлігін немесе толықтай) таңдалған компанияға бере алады.

​​БЖЗҚ салымшылары сақтандыру компаниясымен келісімшарт жасай алады және жинақталған қаражатты (бір бөлігін немесе толықтай) таңдалған компанияға бере алады. Мұндай келісім зейнетақы жасына жеткенге дейін зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді.

Негізгі шарттар:
– БЖЗҚ-да жеткілікті жинақталған соманың болуы (нақты есептеме сақтандыру ұйымында жүргізіледі);
– 45 жасқа толуы;
– Жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) төленген тұлғалардың 40 жасқа толуы.

Мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасы болған кезде зейнетақы аннуитеті шартын жасай алады.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасамас бұрын, сақтандыру ұйымдарының шарттары мен пайдасын салыстырып, содан кейін ғана өзіңіз үшін ең жақсы ұсынысты таңдауға кеңес береміз.

Сондай-ақ оқыңыз