Жаңалықтар

Картоннан жасалған жалған нөмірмен жүрген павлодарлық жүргізуші ұсталды

Павлодар облысында жалған нөмірлерді қолданғаны үшін 60-қа жуық құқық бұзушы жазаланды

Павлодар облысында жүргізуші картоннан жасалған жалған нөмір үшін жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Полиция қызметкерлері күн сайын жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланатын бұзушыларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді. 

 «Аталған бұзушылық ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлімінде қарастырылған, бұл 20 АЕК мөлшерінде айыппұл санкцияларына немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Ағымдағы жылы Павлодар облысында полицейлер жалған нөмірлерді қолданғаны үшін 60-қа жуық құқық бұзушыны жазалады.