Токиодағы төтенше жағдай режимі 31 тамызға дейін ұзартылды

Жарияланды
Олимпиада ойындарында індетті жұқтырудың ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіші тіркелді

Олимпиада ойындарында SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырудың ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіші тіркелді. Соңғы тәулікте 29 адам індетке шалдықты. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Коронавирус жұқтыру бойынша жалпы көрсеткіш 322 жағдайды құрайды. Токиодағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты төтенше жағдай режимі 31 тамызға дейін ұзартылды.

 Бұл қоғамдық тамақтану орындарында алкоголь сатуға тыйым салуды және келушілерді жаппай іс-шараларға жіберуді шектеуді білдіреді. Олимпиада Жапония астанасында көрермендерсіз өтуде.
 

Сондай-ақ оқыңыз