Жаңалықтар

“Жұмысқа орналастырамын”: 30 адамды алдап кеткен алаяқ қолға түсті

Бұл қызметі үшін әр адамнан 150-ден 400 мың теңгеге дейін ақша алып отырған

Оралда 30 адамды алдап кеткен әйел қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Оралда жұқпалы аурулар ауруханасында санитарлық жұмыс орындарын ұсынып, жұмысқа орналастырамын деп халықты алдаған алаяқ ұсталды. Бұл қызметі үшін әрқайсысынан 150-ден 400 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. 

Тіпті, жұмысқа кіру үшін адамдар несие алып ақша берген. Бірақ алаяқтың құрығына түсіп, уәделенген жұмыс орындарын ала алмаған. Енді ақша да жоқ, жұмыс та жоқ. Халықты алдаған 30 жастағы әйелдің басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталу үстінде.

 Оның әзірге 30 дерекке қатысы бар екені анықталды. Алаяқтық жасағаны үшін күдікті әйелдің үстінен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.