Ресейлік «Эпиваккорона» вакцинасының тиімділігі екпе салдырғаннан кейінгі 42-күні шамамен 80% құрады. Коронавирусқа қарсы IgG антиденелері аралық клиникалық зерттеулер кезінде еріктілердің 79% – ында анықталды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Тәуелсіз тексеруге 2 999 адам қатысты. Зерттеудің алдын-ала нәтижелері вакцинаның иммунологиялық тиімділігін көрсетеді. «ЭпиВакКорона» – «Вектор» мемлекеттік ғылыми орталығы пептидтік платформада жасаған вакцина.
Украина азаматтары коронавирус инфекциясына қарсы Pfizer және Moderna-ны таңдайды. Өткен тәулікте украиндықтардың вакциналау бойынша рекордтық саны тіркелді – 159 121 адам: 95 690 бірінші дозасын алса, екінші компонентін 63 431-адам салдырған.
Қазіргі уақытта бұл елде COVID-19 вакциналарының 4 түрі қолданылады – Pfizer/BioNTech, Мoderna, CoronaVac, AstraZeneca. Алғашқы екі түрі ең көп таңдауға ие болды. Иммундау науқаны басталғаннан бері 6 070 323 екпе жасалды. 3 855 095 адам бірінші дозамен, 2 215 230 екінші дозамен вакцинацияланды.