Бангладеш билігі қатаң оқшаулау режимін ұзартты

Жарияланды
Індетке байланысты Австралияның 3 ірі қаласы бұғатталды

Гваделупа елде COVID-19 жағдайларының күрт өсуіне байланысты вакцинация қарқынын күшейтуде. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram арнасы хабарлады.

Француз аралында жансақтау бөліміне түсіп жатқан науқастардың көптігінен материкке алғашқы медициналық эвакуациялауды жүзеге асыруға тура келді. Бұл туралы жұмада Гваделупа префектурасы мен аймақтық Денсаулық сақтау агенттігінің бірлескен коммюникесінде айтылды. Елде 4 күнде 4178 жаңа дерек және 4 өлім жағдайы тіркелді.

Австралияның жаңа Оңтүстік Уэльс штаты коронавирустық инфекциялар деңгейінің тағы бір рекордтық өсуі туралы хабарлады: сенбіде 319 жағдай тіркелді, 5 адам қайтыс болды. Оңтүстік Уэльстегі жағдайға байланысты Австралияның 3 ірі қаласы бұғатталды. Елдің екінші ірі қаласы болып табылатын Мельбурн билігі індеттің таралу көзін табуға тырысуда. Сиднейде оқшаулау режимі жетінші аптаға созылды, бірақ инфекция таралуы тоқтаған жоқ және Денсаулық сақтау министрі Брэд Хаззард отандас азаматтардың басым бөлігі санитарлық шараларды сақтамағанына наразылық білдірді.

 Бангладеш билігі қатаң оқшаулау режимін ұзартты және апта сайын 10 миллион адамды вакциналау жоспарын жариялады: ел COVID-19 вирусын жұқтырудың күрт өсуімен күресуде. Вакцинация науқанына ел бойынша 14 мың медициналық орталықта ондаған мың медицина қызметкері жұмылдырылды. COVAX бастамасы бойынша вакциналар Қытай мен АҚШ-тан жеткізілді.
 

Сондай-ақ оқыңыз