Елімізде соңғы 30 жылда 169 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынды
Қазақстанда соңғы 30 жылда 169 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынып, 1,5 млн азамат баспана жағдайын жақсартты.Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету көлемі 18 жылдың ішінде бір тұрғынға шаққанда 34% өсіп, 21,9 шаршы метрге жетті.
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру басталғалы (2017-2020жж) 52 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 470 мың баспана салынды.
Тұрғын үй құрылысына 3,6 триллионнан астам қаражат тартылды. Оның ішінде 864 млрд теңге – мемлекеттік инвестиция. Ал жеке инвестиция мемлекеттік қаражаттан 6 есе артық тартылды.
Биыл еліміз бойынша 17 млн шаршы метр тұрғын үй (163,1 мың баспана ) салу жоспарланып отыр.
Тұрғындардың өмірін жайлы ету мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық секторды және тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша 132,9 млрд. теңгеге 572 жоба іске асырылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.