Үндістанда бір күнде індеттен 500-ге жуық адам қайтыс болды
Үндістанда бір күнде коронавирустық инфекциядан 500-ге жуық адам қайтыс болды. COVID-19 жұқтырудың тағы 39 070 жағдайы анықталды. КВИ фактілерінің жалпы саны 31 934 455-ке дейін жетті. Осы уақытқа дейін COVID-19 індеті елде 427 862 адамның өмірін қиды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram арнасы хабарлады.
Қазіргі уақытта Үндістанда ауруханалардың қарқынды терапия палаталарында 406 822 азамат ем қабылдауда. Ауру жұқтырғандардың 43 910-ы сауығып ауруханалардан шығарылды.
Тәулігіне 22 866 жаңа COVID-19 жұқтыру дерегі тіркеліп, 787 адам қайтыс болды, мұндай мәліметтерді Ресейдің коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы жедел штабы жариялады. Ең көп фактілер Мәскеуде (2 761), Санкт-Петербургте (1 907) және Мәскеу облысында (1 527) анықталды. Жалпы, пандемия басталғаннан бері Ресейде 6 447 750 COVID-19 және 164 881 адам қазасы тіркелді. 18 қаңтардан бастап Ресейде COVID-19-ға қарсы ауқымды вакцинация жүргізілуде.
Қазіргі уақытта елде коронавирусқа қарсы төрт вакцина тіркелген: «Спутник V», «Спутник Light», «ЭпиВакКорона» және «КовиВак».