Көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен күдікті анықталды

Жарияланды
Келтірілген шығын көлемі 370 мың теңге

Шымкент қаласының тұрғыны көршісінің алтын бұйымдарын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам үйінен құны 270 мың теңге тұратын алтын сырғасы мен 100 мың теңге тұратын жүзігін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Тәртіп сақшылары жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған мекенжайға тез арада жетеді. Көрген білгендерден сұрастырып, көршілерімен сауалнамалар жүргізеді. Нәтижесінде полицейлер ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсіреді. Ол жәбірленушінің бірге тұратын көршісі екен. 

 

Сондай-ақ оқыңыз