Жаңалықтар

Қытайда алтынға сұраныс өсті

Елде алтын мен алтын бұйымдарының сатылымы 70 % -ға жуық артты

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайдағы алтын мен алтын бұйымдарының сатылымы 70 %  -ға  жуық өсті. Бұл ретте алтын құймалар мен монеталарға салынған инвестициялар екі есеге өсті, деп хабарлайды «Хабар 24» сайты.

 Өнеркәсіп мұндай көрсеткіштерді 2015 жылдан бері көрмеді. Қытай тұрғындары бірінші жартыжылдықта 350 тоннаға жуық зергерлік бұйымдар сатып алды. Бұл тіпті пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда көп. 

Адамдар мұндай жоғары сұранысты алтынның қатты валюта, пайдалы инвестиция болуымен түсіндіреді.

 «Чжан Хуэй, зергерлік дүкеннің иесі: – Қытайда адамдар зергерлік бұйымдарды жақсы көреді. Биыл 24 каратты алтын бағасы төмендеді, бұл оған сұраныстың артуына әкелді. Өткен жылы сатылымның төмендеуі пандемияға байланысты болды, биыл жағдай жақсарды, адамдар сыртқа шығып, көп сатып ала бастады»,- деді зергерлік дүкеннің иесі Чжан Хуэй.

 Алтынға сұраныстың артуы Қытай экономикасының қалпына келуімен де байланысты. Билік адамдарды көп сатып алуға шақырады. Тұтыну экономиканың негізгі қозғалтқыштарының біріне айналды.