Вашингтонда мемлекеттік қызметкерлер мен дәрігерлерге міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцинация енгізілді. Бұл туралы штат губернаторы мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24» сайты.
Қаулыға сәйкес, азаматтардың тиісті санаттары 18 қазанға дейін толық егілу үшін 4 қазаннан кешіктірмей коронавирусқа қарсы екпені екінші рет алуы тиіс. Назар аударыңыз, бүгінде Вашингтонда коронавируспен ауыратын « жағдайы ауыр» науқастарды ауруханаға жатқызу санының өсуі байқалады. Дәрігерлер мұны дельта штаммының белсенді таралуымен байланыстырады.
«Вакцинация барлық медицина қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер үшін міндетті болуы керек. Еріктілер мен тәрбиешілер де вакцинация алуы керек. Азаматтардың тиісті санаттары 18 қазанға дейін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі керек»,-деді Вашингтон штатының губернаторы Джей Инсли.