Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова ҚР СИМ алқа отырысында айтты.
Осылайша, ҚҚС бойынша міндеттеме еліміздің азаматтарына электронды түрде тауарлар сататын және қызметтер көрсететін шетелдік интернет-компанияларға енгізілетін болады.
Вице-министр түсіндіргендей, шетелдік интернет компанияларды міндетті түрде хабарламалыққа тіркеудің басқа тәртібі қарастырылған, салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттеме алынып тасталды. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің шетелдік интернет-компанияларға транзакциялар бойынша мәліметтерді ұсыну мәселесі қарастырылуда.
«Трансшекаралық электрондық коммерция субъектілеріне, оның ішінде ЕАЭО шеңберінде қосарланған салық салу тәуекелдері болғандықтан, біз тауарлармен өзара электрондық сауда шеңберінде жанама салықтар алу тәртібін үйлестіру және олардың төленуін бақылау тетігін оңайлату мақсатында ЕАЭО – да тауарлармен ішкі электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде ҚҚС алу бөлігінде ЕАЭО шартына өзгерістер енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз,» – деді Әсел Жанасова.