Елімізде өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласының көлемі артты

Жарияланды
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі өткен жылдың деңгейіне қарағанда 105,9% құрады

Елімізде өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі өткен жылдың деңгейіне қарағанда 105,9% құрады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Фармацевтика өнеркәсібі: Өндіріс көлемі 38,9% өсті. Негізінен халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сұранысын арттыру есебінен болды.

Машина жасау саласы: Өндіріс көлемінің тұрақты өсуі байқалады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 122,7%. Автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелердің (+34,7%), машиналар мен жабдықтардың (+37,8%), өзге де көлік құралдары өндірісінің (+37,7%), компьютерлердің, электрондық және оптикалық жабдықтардың (+45,8%), электр жабдықтарының (+7,2%), жөндеу мен орнатудың (+5,4%) өндірісі ұлғайды.

Қара металлургия: өткен жылмен салыстырғанда +1,6%. Болат (+25%), шойын (+17%), арматуралық прокат (+11%), көміртекті болат (+21%), ферросиликомарганец (+29%) өндірісінің көлемі өсті.

Түсті металлургия: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қосмұрын кенішіндегі өндірістің технологиялық желісін жоспарлы қайта жаңартуға және «Қазмырыш»ЖШС-дегі жоспарлы күрделі жөндеуге байланысты өндіріс көлемі аздап төмендеді. Қорғасын өндірісі 18%, мырыш – 6%, тазартылған мыс – 11%, мыс созбасы – 7%, тазартылған алтын – 3% төмендеді.

Нақты көлем индексі 2020 жылғы деңгейден 98,2% құрады.

Дегенмен, салада құймалардағы алтын (+12%), катодты мыс (+30 %) және түйіршіктердегі күміс (+1%) өндірісінің өсімі байқалады.
 

Сондай-ақ оқыңыз