Грузиядағы эпидемиологиялық жағдай күн сайын нашарлауда

Жарияланды
Елде COVID-19 пациенттеріне арналған далалық ауруханалардың ашылуы мүмкін

Грузиядағы эпидемиологиялық жағдай күн сайын нашарлауда. Ел билігі егер коронавирус жұқтыру қарқыны төмендемесе, COVID-19 пациенттеріне арналған далалық ауруханалардың ашылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Ковидтік ауруханаларда ауыр жағдайдағы науқастарға орын босатылып, жағдайы жақсарған адамдарды далалық ауруханаларға ауыстыру тетігі жоспарланған.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин коронавирустық инфекцияның күнделікті көрсеткіші өткен тәулікте 2 мың адамнан асып – 2 200-ге жеткеніне алаңдаушылық білдірді. 

Бұл денсаулық сақтау органдарының күш-жігеріне және азаматтардың сақтық шараларын орындауына қарамастан орын алады, деп атап өтті президент. Әрі елдегі коронавирустық инфекциямен күрестің маңыздылығын ескертті.
 

Сондай-ақ оқыңыз