Жаңалықтар

Елімізде фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 38,9% өсті

Машина жасау саласы 22% өсті

2021 жылдың 7 айының қорытындысында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда осындай көрсеткішке қол жеткізілді.Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Өндіріс өсімі:

* автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер (+34,7%),
* машиналар мен жабдықтар (+37,8%),
* басқа көлік құралдары өндірісі (+37,7%),
* компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар (+45,8%),
* электр жабдықтары (+7,2%),
* жөндеу және орнату (+5,4%) артуы есебінен болды.

Тұрақты өсім: фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп және химия

Биылғы 7 айда фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 38,9% өсті. Оған халықтың дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға сұраныстың артуы есебінен қол жеткізілді.

Жеңіл өнеркәсіпте киім (+18,7%) және былғары өнімдері (+7,9%) өндірісінің ұлғаюы есебінен өсім 5,4% құрады.
Дезинфекциялық құралдар мен минералдық тыңайтқыштарға (натрий бихроматы (2 есе), пигментті хром тотығына (+56%) сұраныстың артуы химия өнеркәсібі өндірісі көлемінің өсуіне ықпал етті. Өсім 1,9% құрады.