Жаңалықтар

Израиль үкіметі індетке байланысты жаңа шектеулер енгізеді

Экономиканың барлық секторларына таралатын "жасыл стандарт" режимі іске қосылады

Израиль үкіметі COVID-19 эпидемиологиялық жағдайына байланысты жаңа шектеулерге рұқсат берді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

18 тамыздан бастап экономиканың барлық секторларына таралатын «жасыл стандарт» режимі енгізіледі. Бұл бұқаралық іс-шараларға кірер кезде вакцинация жасалғаны немесе COVID-19 вирусынан айыққандығы туралы сертификат- «жасыл төлқұжатты», не болмаса вирустың жоқ екендігін дәлелдейтін тест нәтижесін көрсету қажеттігін қамтиды.

Аргентинада коронавирустық инфекция бойынша  көрсеткіш артты. Елде тәулігіне 11 397 вирус жұқтыру жағдайлары тіркелді. Нәтижесінде КВИ фактілерінің жалпы саны 5 052 884-ке жетті. Көз жұму деректері-108 388.

Халықты вакцинациялау үшін ресейлік вакцинамен қатар вирусқа қарсы екпенің тағы бірнеше түрі қолданылады. Аргентинада азаматтар «Спутник V» және «AstraZeneca» немесе «Moderna» вакциналарын біріктіріп, қолдана алады.