Түркияда су тасқыны: 17 адам қайтыс болды
Жарияланды
Ондаған адам жарақат алды
Түркияның солтүстігінде су тасқыны тұрғындардың үйлерін басып, электр сымдарын зақымдады,-деп хабарлайды «Хабар 24» сайты.
Бартин провинциясында көпір құлады. Лас су көшелерде үлкен жылдамдықпен ағып, жолындағы барлық нәрсені бұзуда.
Тұрғындар эвакуацияланды. Олар үрмелі қайықтармен арнайы лагерлерге шығарылды. Онда оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Апат салдарынан 17 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.
Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.