Еліміздегі көлік компанияларының паркі әбден тозып кеткен

Жарияланды
Қазақстанның көлік компанияларының жылжымалы құрам паркінің тозу дәрежесі 70 % - дан асып отыр

Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағы (ҚазАТО) халықаралық автомобиль тасымалдары секторында қалыптасқан жағдайға елеулі алаңдаушылық білдіреді. 

 

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдаудың жалпы көлеміндегі отандық тасымалдаушылардың үлесі 29% – ға дейін төмендеді (2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 33% – ды құраған). 

 

Бұл осы саладағы бірқатар проблемаларға байланысты: 

 

– отандық халықаралық тасымалдарды қолдау және дамыту жөніндегі тиімді бағдарламаның жоқтығы; 

– автотасымалдаушылардың  өздерінің  жылжымалы құрамын еуропалық стандарттарға сәйкес автомобильдерді  сатып алу және жаңарту мүмкіндігінен айырылуы; 

– Қазақстанда беларустік қатысуымен құрылған көлік компаниялары санының  ұлғаюуы, олар  көлік құралдарын уақытша есепке қоятын (2 жылға) болғандықтан, барлық алымдардан босатылады (кедендік, бастапқы тіркеу және кәдеге жарату алымдары); 

– халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы салық заңнамасындағы кемшіліктер; 

– кәдеге жарату алымының жоғары мөлшерлемелеріне қатысты  мәселелер. 

 

Мақсат Сақтағанов, Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағының президенті: 

«Автокөлік техникасының техникалық жағдайы төмен деңгейде, 70% халықаралық тасымалдарда одан әрі пайдаланудың тиімсіздігіне байланысты  есептен жылдам  шығарылуды талап  етуде.  Қазақстандық тасымалдаушылар жылжымалы құрам паркін жаңарту және толықтыру үшін қандай да бір көлік құралдарын сатып алу мүмкіндігінен іс жүзінде айырылған, Еуразиялық экономикалық одақ бойынша әріптестерімен жағдайлары  тең емес. Олардың бәсекеге қабілеттілігі халықаралық көлік қызметтері нарығында төмендейді, бұл елге үлкен әлеуметтік-экономикалық зиян келтіреді. Қазақстандық тасымалдаушылар еуропалық тасымалдаушыларды айтпағанның өзінде, қазақстандық көлік қызметтері нарығында үстемдік етіп отырған  Ресей, Белоруссияның  тасымалдаушыларымен бәсекелесе алмайды». 

 

 

Кәдеге жарату алымының жоғары болуы  отандық тасымалдаушылар үшін қосымша жүктеме. Мысалы, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі  экологиялық  класы  ЕУРО-5 және ЕВРО-6  жүк автокөлік құралын сатып алып,   бастапқы тіркету үшін 700 мың теңге алым мен кәдеге жарату алымы үшін  3,5 миллион  теңге төлеу  көзделген. 

 

Қазақстан нарығында кедендік баждар мен кәдеге жарату алымдарын төлеуден босатылған және негізінен Беларусь компанияларымен жұмыс істейтін беларусьтік көлік компаниялары қызмет ете  бастады. Бұл компаниялардың штатында іс жүзінде қазақстандық азаматтар жоқ. 

 

Тасымалдаушылар проблемасы  шағын және орта кәсіпкерлікке   көрсетіліп отырған  өңірлік және мемлекеттік қолдаудың  қазірігі  жүйесімен логикалық  үйлестірген кешенді мемлекеттік қолдау жағдайында ғана шешімін таба алады.  

Сондай-ақ оқыңыз