76 жастағы зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген

Жарияланды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Алматы қаласында зейнеткер немересімен  бірге «канопля» және «марихуана» есірткілерін заңсыз өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

« Г.есімді әйелдің тұрғылықты жерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес 117 бұта табылды және тәркіленді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі – кептірілмеген марихуана, жалпы салмағы 6 келі 680 грамм. Қазіргі уақытта Алатау ауданының ПД-де ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

 

Сондай-ақ оқыңыз