Иранда алты күндік локдаун енгізілді
Моңғолияда COVID-19 жұқтырудың 180 мыңнан астам расталған жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Соңғы 24 сағат ішінде 6 530 ПТР-тестілеу өткізілді, оның ішінде 1 402 оң нәтиже берді. 9 080 пациент медициналық мекемелерде емделуде, 191-і өте ауыр жағдайда, тағы 2 953-і ауыр жағдайда. Жалпыұлттық вакцинация науқанында ересек тұрғындардың кем дегенде 60% – ын егу жоспарлануда.
Иран ислам республикасының билігі коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында бүкіл ел бойынша алты күндік локдаун енгізді. Үкімет COVID-19 бесінші толқынын жариялады. Иранда келесі аптада кезектен тыс демалыс белгіленуде. Сонымен қатар, коронавирустық жағдайдың ушығуына байланысты провинциялар арасында қозғалуға екі апталық тыйым жарияланды.