Микрокредиттік ұйымдар қай кезде пысықтық танытты?

Жарияланды
TAS GROUP компаниялар тобының негізін қалаушы әрі бас директоры Дулат Тастекеевтің авторлық бағаны

Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының нарығы дәл қазір қалыптасу кезеңін бастан өткеріп жатыр. Ойыншылар өзін жаңа бағытта сынап көріп, орнығып жатқандықтан, бәсеке қызып келеді. Нәтижесінде қарыз беруші ұтады: ұсыныс көп болса, ақшаның құны төмендеп, несиелендіру шарттары жақсарады. Әрі халықтың қаржылық сауаты да артып келеді: біздің тұтынушылар қаржыландыруға кететін уақытты қысқартатын технологияларды меңгеріп жатыр. 
Еліміздегі микрозаймдар нарығы жаңа ережелерге сай өмір сүре отырып, мемлекет тарапынан лицензиялау және минимал капитал, шекті мөлшерлеме және микроқаржы ұйымдары жетекшілерінің білігі сынды талаптарды қамтитын механизмдер көмегімен реттеліп отыр. Сөйте тұра қоғам санасында бұрыннан қалып қойған бірнеше таптаурын дейміз бе, жоқ әлде осы нарық туралы аңыз дейміз бе қалыптасқан. Неге аңыз дейміз? Себебі микроқаржы ұйымдары азаматтарға шағын және орта бизнесті жедел несиелендіруді қолжетімді етуде ойып тұрып орын алған. Айталық, сізге зауыт құрылысына 100 млрд теңге керек делік. Ол үшін сіз банктер консорциумына жүгінесіз. Егер бизнеске миллиард керек болса, онда банктен кредит алу не биржа сынды нұсқа келеді. Ал енді тендер бойынша шағын және орта бизнеске жедел кепілдік керек болса, бұл жерде автокөлік не жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, оны әрмен қарай қолдана беруге мүмкіндік беретін микроқаржы ұйымдары дұрысырақ болады. Шағын және орта бизнесті несиелендіруге қатысты қаржыландырудың толық спектрі жайлы билік біраздан бері айтып келген еді. Ақыры шағын кәсіпкерлерге мұндай мүмкіндік беріліп жатыр.  

№1 аңыз. Микрокредит – өсімқордың нақ өзі
Көпшіліктің ойы бойынша, микроқаржы ұйымдары дегеніміз — азаматтар мен кәсіпкерлерден ақша суыруды ғана білетін, жалақыға дейін қарыз бергені үшін қыруар пайыз қосатын заманауи өсімқор. Бақылау аз кезде, сонау атамзаманда сондай болған еді. Ал қазір жағдай мүлдем басқаша: микроқаржы ұйымдарының басым көпшілігі, мейлі онлайн-кредитор, ломбард не кредиттік серіктестіктер болсын, тауашалы ойыншыға айналды. Олар тіпті кейбір банктерге қарағанда тез, тиімді әрі қарапайым шешімдер, атап айтқанда, тұтынушылық қажеттіліктен бастап ауылшаруашылығын несиелендіруге дейін ұсынады. Сондай-ақ, клиенттердің көбі қаржыландырудың құнына қарағанда қарызды тез алуға басымдық береді. Бүгінде өмірдің әр сәті құнды саналатыны сонша, келісім шарттың тағдыры сағат не минуттарда шешіледі. Ал банктер болса, мұндай жылдамдықпен әзірге жұмыс істей алмайды. Десек те, микроқаржы ұйымдары да, банктер де сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің максимал деңгейі — 56 пайызға ие. 

№2 аңыз. Пайызы «удай» 
Ал енді микрозаймдардың пайыздық мөлшерлемесіне келсек. Бұған қатысты да екіжақты пікір бар. Мәселен, Алматы облысындағы ірі кредиттік серіктестіктердің үздік бестігіне кіретін «Жетісу Агро Кредитті» алайық. Кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларға қатысатындықтан, «Жетісу Агро Кредит» мөлшерлемесі банктерден де төмен. Себебі бағдарлама аясында сыйақы мөлшерлемесі субсидияландырылады да, нәтижесінде жылдығы 4 пайыздан басталады. Дегенмен қарыз алу мерзімі, яғни өтінім бергеннен бастап ақшаны бергенге дейінгі уақыт кейде үш айға дейін созылуы мүмкін.   

Айталық, фермер бір жобаға қарыз алғысы келді. Сөйтіп ол үнемдеу үшін кредиттік серіктестікке жүгінеді. Ол үшін бизнес-жоспар жасап, қажет құжаттарды түгендеп, сараптама нәтижесін күтуі керек. Алдымен кредиттік серіктестік сарапшылары қарайды, одан соң Аграрлық несие корпорациясы мамандарының сүзгісінен өтеді. Кредит қаржысының құны түптің түбінде азырақ шығады. Бірақ 2-3 ай күтуге тура келеді. Әрине, бұл банктермен салыстырғанда едәуір ұзақ. Әйтсе де, ол жақта да мұндай өтінімдер ең тез дегенде 2-3 апта, кейде бір ай қаралады.  
 
Салыстыратын болсақ, жылжылмайтын мүлікті кепілдендірумен айналысатын TAS MICROFINANCE микроқаржы ұйымында кредит өтінімін қарау мерзімі — бір апта. Оның өзінде Жылжымайтын мүлікті тіркеу мен бағалау міндетті болғандықтан. Ал енді тап қазір ақша керек болса, автокөлікті кепілге қоюға маманданған TAS FINANCE GROUP микроқаржы ұйымында бар болғаны жарты сағатта рәсімдеуге болады. Білуімізше, әзірге нарықтағы ең жедел жұмыс істейтін — біз.    

№3 аңыз. Микрокредитпен бизнес ашу мүмкін емес
Кеңірек қарастыратын болсақ, микроқаржы ұйымдары Қазақстанның шағын және орта бизнесінің жан-жақты скорингін жасап, оны банктің қаржыланды-руына дайындайды. Банктер шағын кәсіпорындарды аса қаржыландырмайды. Өйткені қанша жерден онлайн әрі ашық деректер базасы енгізілгенімен, ШОБ-қа әлі де дұрыс есептілік пен өтімді кепілзат жетіспейді. Кейде банк бөлімше-лерінің қызметкерлері мерзімі қысып, бірнеше апта күтуге мүмкіндік жоқ қарыз алушыларды микроқаржы ұйымдарына жолдайды. Осылайша банк бізге клиентті жібереді де, өзі сол бойынша жоба жүргізуін жалғастыра береді. Клиент бізден қаражатты тезірек алып, «күйіп» тұрған қаржылық мәселесін шешеді. Сөйтіп бірнеше айдан соң, төменірек мөлшерлеме қажет болған жағдайда банктен қайта қаржыландыра алады.    

Неше түрлі жағдай болады. Кейде адамдарға тұрмыстық қажеттілік не кәсіпо-рында кассалық алшақтық, жалға алу құнын не кеден алымын төлеу, қызмет-керлерге айлығын беру сынды мәселені жедел арада шешу керек болып қалады. Мұндайда клиенттеріміз үшін тартылған қаражат құнынан гөрі қарыздың жедел берілгені маңыздырақ болады. Әлбетте, клиент бізден автокөлікті кепілге қойып, 20 млн теңге алатын болса, жылдық тиімді мөлшерлеме өзге кредиттік ұйымдарға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Десек те, бізде пайыздарды қайта есептеу күнделікті жүргізіліп тұратындықтан, клиент үшін қаражаттың қосындысы төмендеу шығады. Әрі уақытын да біршама үнемдейді. Сондай-ақ, кредитті мерзімінен бұрын еш айыппұл төлеместен жауып тастай алады.   

Біздің «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен бірлескен бағдарламамыз бар. Онда қаржыландырудың жылдық максимал сыйақы мөлшерлемесі — 25%. Бұл дегеніміз көптеген банктермен салыстырғанда төмен. Өйткені кейбірінде, айталық автокөлікті кепілге қойып, 35 пайызбен алуға болады. 

Айта кететін тағы бір жайт, жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы қарыз алғысы келетін клиентті қарастырған кезде біз міндетті түрде оның несие та-рихын қараймыз. Мұны барлық банк, кредиттік серіктестік және микроқаржы ұйымы жасайтыны белгілі. Дегенмен кепілзат ретінде автокөлік қойылатын болса, оның заңды тазалығына қатысты күмән, үшінші біреулердің тарапынан наразылық болмайтындықтан, қарыз алушының жағдайын түсініп, кредиттері бойынша бұрынғы төлемдеріне қатысты кемшілікке көз жұма қарауымыз мүмкін. Бастысы, кепілзат біздің талаптарға сай келсе болғаны.  

Микроқаржы ұйымдары нарығындағы бәсеке, технологиялар, реттеу мен сұраныс клиент үшін жақсы жағдай туғызып отыр. Ал қаржылық технологиялар ірі қаржы нарығын шағын бизнес қажеттіліктерімен байланыстырып жатыр.  
 
 

Сондай-ақ оқыңыз