Түсті кендерді өндіру көлемінің өсімі 3,1% құрады

Жарияланды
2021 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша

2021 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша түсті кендерді өндіру көлемінің өсімі 3,1% құрады.Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Өндіріс көлемінің артуы:

«Қазхром»ТҰК» АҚ-да марганец кенін өндіру 56%;

«Қазмырыш» ЖШС-де кен өндіру 24%;

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де кен өндіру 3%;

«Алтыналмас АК» АҚ-да құрамында алтын бар кенді өндіру 87%;

«Қазақстан Алюминийі»АҚ-да боксит өндіру 12%;

«Майқайыңалтын» АҚ құрамында алтын бар кенді өндіру 4 %;

«Комаровское ГП» ЖШС құрамында алтын бар кенді өндіру 7%;

«Бақыршық ТК» ЖШС-де құрамында алтын бар кенді өндіру 7%.
 

Сондай-ақ оқыңыз